ҚТЖ еншісіндегі компания Lexus көлігін сата алмай келеді

485

Көлік осымен үшінші рет сатылымға қойылды. Компания оның құнын 67 млн бағалап отыр.  

ҚТЖ еншісіндегі компания Lexus көлігін сата алмай келеді Фото: e-auction.gosreestr.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының (ҚТЖ) "ҚТЖ Экспресс" еншілес кәсіпорны жыл басынан бері Lexus LX 570 элиталық жол талғамайтын көлігін сата алмай келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бағаны төмендетуге арналған кезекті сауда-саттық 28 қыркүйекке жоспарланып отыр, бастапқы бағасы 202,3 млн теңгені құрайды, делінген электрондық сауда алаңының тиісті ресми сайтында. 

Компания хабарлауынша, Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 сотының шешімі бойынша 2019 жылы шығарылған автокөлік AbayM Group фирмасынан материалдық залалды өтеу үшін тәркіленді.

"ҚТЖ Экспресс" дебиторлық берешекті азайту үшін және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес шетелдік машинаны аукционда сатуға шешім қабылдады. Тамыз айында автокөліктің нарықтық құны 60,2 млн теңгеге бағаланды.

"Жыл басынан бері автомобиль электронды алаң арқылы сауда-саттыққа үш рет қойылды: бір рет бағаны көтеру әдісімен және екі рет төмендету арқылы, алайда сатып алушылар болмағаннан кейін сауда-саттық болған жоқ. Автокөлікте декларациялар мен басқа да кедендік рәсімдерді тапсыру мерзімдерімен бәрі дұрыс, ал жол белгілері, тұрақ талаптарын сақтамағаны, жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп атап өтті компания.

"ҚТЖ Экспресс" шетелдік көлікті кем дегенде 67,4 млн теңгеге сатуға үміттеніп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу