ҚТЖ филиалының директоры жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, жалақысын өзі алып отырған

790

Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді. 

ҚТЖ филиалының директоры жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, жалақысын өзі алып отырған Фото: international.kz

ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ"ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу