КТZ Express "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялар тобының логистикалық блогы құрамында 2-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Кеңауқымды шараға 18 мемлекет пен үкімет басшылары, сондай-ақ әр елден шамамен 160 мың қатысушы келді. Аталған шараның ұйымдастырушысы ҚХР Коммерция министрлігі, Шанхай Халық үкіметі және Қытай халықаралық импорт Экспо-бюросы болып табылады.
Көрме шеңберінде, KTZ Express стендінде Ченду, шеньжень, Сиань, Сучжоу, Иу және өзге де қытайлық қалалардың логистикалық платформалары басшыларымен келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Транскаспий дәлізі бойынша және Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалды дамытудағы ынтымақтастықтың перспективалары мен қазіргі жағдайын талқылады және де жеткізіп берудің логистикалық тізбегін дамыту мен жүктерді тасымалдау көлемін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сапар барысында қазақстандық делегация сондай-ақ бірқатар компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесті.