ҚТЖ Маңғыстау облысына 840 астам вагон шөп жеткізді

944

Биылғы жылдың шілде-қазанында және қарашаның 24 күнінде ҚТЖ "ҰК" АҚ еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне 848 вагон сығымдалған шөп жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚТЖ Маңғыстау облысына 840 астам вагон шөп жеткізді

Оның ішінде маусымда – 21 вагон, шілдеде – 153 вагон, тамызда – 207 вагон, қыркүйекте – 194 вагон, қазанда – 261 вагон және қарашаның 24 күнінде – 4 вагон. Қараша айында барлығы 177 вагон тасымалдау жоспарлануда. 

Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа станциялардан жөнелтілді. Жеткізілген жерлері – Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқа да станциялар. Шөптің негізгі бөлігі "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондарға тиелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу