"ҚТЖ" мен Alstom арасында меморандумға қол қойылды

788

Қол қою салтанаты Франция экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында өтті.

"ҚТЖ" мен Alstom арасында меморандумға қол қойылды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Alstom арасында теміржол дабылы, блоктау және орталықтандыру үшін Цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Құжатқа "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және Alstom компаниясы Таяу Шығыс пен Африка және Орталық Азия аймағының аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Қол қою салтанаты Франция экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында өтті.

"Мен Қазақстан темір жолымен бірге темір жол саласын цифрлік дамыту аясында ынтымақтасып отырғанымызға аса қуаныштымын. Alstom жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады, осы уақыт ішінде біздің кәсіпорын 25-тен аса елде 1500 орталықтандыру жүйесін орнатып үлгерді. Сондықтан біздің ұзақ мерзімге жалғасатын өнегелі ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін Қазақстанға ең заманауи шешімдерді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз", – деді Alstom компаниясының Таяу Шығыс пен Африка және Орта Азия аймағындағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер.

Сапар барысында мәртебелі меймандар "Электровоз құрастыру зауыты" өндірістік цехтарымен танысты, оларға №Z8А0008 локомотиві көрсетілді.

Айта кетсек, Alstom-ның Қазақстандағы компаниясында 730 астам қызметкер, олар сервистік депо, сервистік орталық және де екі өндірістік нысанда жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу