ҚТЖ мен Астана әуежайына қатысты тергеу басталды

507

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мен Астана әуежайына қатысты тергеу жүргізілуде. 

ҚТЖ мен Астана әуежайына қатысты тергеу басталды Фото: liter.kz

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, тергеу тауар нарықтарына кіруді шектеу және белгілі бір тауарларды сатушы немесе сатып алушы ретінде басқа нарық субъектілерін жою белгілеріне қатысты. 

Бұдан өзге ауыл шаруашылығы тауарлары нарығында картельдік сөз байласуға тартылған компаниялар анықталып, айыппұл салынған. Өндіріп алынуы тиіс қаржы мөлшері 24,6 млн теңге шамасында. Сондай ақ агенттік монополия заңнамасын бұзу белгілері бойынша "Қазақтелекомға" хабарлама жібергені анықталды. Компания абоненттерге қосымша жабдықтар — модемдер жүктеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу