"ҚТЖ" мен КЕGOК "Самұрық-Қазынаның" көрсеткіштерін жақсартты – Ернар Жанәділ

789

Ұлттық әл-ауқат қоры "арық сөйлеп, семіз шықпақшы".

"ҚТЖ" мен КЕGOК "Самұрық-Қазынаның" көрсеткіштерін жақсартты – Ернар Жанәділ Фото: Максим Морозов

"Самұрық-Қазына" қоры 2020 жылдың жоспарын барынша пессимистік болжамдар негізінде жасаған. Осының арқасында жарты жыл өткенде жоспарды асыра орындадық деп жар салуға мүмкіндік алып отыр. Бірақ мұны компания басшылығы "ҚТЖ", КЕGOК сияқты компаниялардың көрсеткіштерімен түсіндіруге тырысып жатыр. Ұлттық әл-ауқат қорының жарты жылдағы қаржылық есебін берген экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директор Ернар Жанәділдің сөзінде осындай мазмұн басым болды.

"Қаржылық өсім мынадай әрекеттердің арқасында болды. "ҚТЖ" транзиттік жүк айналымын бірінші жартыжылдықта 24 пайызға ұлғайтты. "Самұрық-Энергоға" қарасты өндірушілер жылу-электр өндірісін 2 пайызға арттырды.  Сондай-ақ көмір қазу мен сату 2,3 пайызға өсті. Электр қуатын қамтамасыз ету дайындығының КЕGOК бойынша 6 пайызға өсуі, "Қазақтелеком" компаниясының байланыс және ұялы байланыс қызметі бойынша табыс жоспарын асыра орындауы да табысты еселеді. Негізгі өсім қалай айтсақ та мұнайдың орташа бағасының өсуіне байланысты. Жоспарда мұнайдың бір баррелі 28 доллар деп көрсетілсе, нарықта бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 42 доллар болды. Мұнайға қатысты теңгенің бағамы да артты. Жоспарда доллар бағамы 450 теңге деп көрсетілсе, нарықта 404 теңге болды", – дейді қор өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу