ҚТЖ мен ҚМГ мұнай өнімдерінің айналымын бірлесіп цифрландырмақ

387

Мұндай тапсырманы Үкімет берген болатын.  

ҚТЖ мен ҚМГ мұнай өнімдерінің айналымын бірлесіп цифрландырмақ Фото: railways_kz

Мұнай өнімдерінің айналымын цифрландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ақпараттық деректермен жедел алмасуды іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірлескен жұмыс мұнай өнімдері бар вагондардың елішілік орналасуына, сондай-ақ мұнай өнімдері импортының көлеміне үздіксіз, жедел және ашық мониторингті қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚТЖ – "Бас есептеу орталығы" филиалы ҚТЖ-ның ақпараттық жүйелерінен деректерді беру бойынша балама техникалық шешім енгізді. Қолданылатын технология берілетін ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ҚМГ нақты уақыт режимінде ел аумағында мұнай өнімдері бар вагондардың орналасуы туралы сағаттық ақпаратты, сондай-ақ мұнай өнімдері импортының көлемі туралы тәуліктік мәліметтерді қосқанда, жедел деректер алады.

Тараптар ақпараттық деректердің үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге уағдаласты, бұл елдің отын  теңгерімін басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу