"ҚТЖ" орталық аппаратының жаңа құрылымы бекітілді

1298

"Самұрық-Қазына" АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚТЖ" орталық аппаратының жаңа құрылымы бекітілді Фото: Максим Морозов

Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов, Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Әнуар Ахметжанов, Қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Даир Көшеров, Логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерлан Қойшыбаев, Жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерсайын Нағаспаев, Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров, Аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу