ҚТЖ Сауат Мыңбаевтың жарақат алғанын растады

1684

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сауат Мыңбаевтың омыртқасы қатты зақымданды деген ақпарат пайда болды. 

ҚТЖ Сауат Мыңбаевтың жарақат алғанын растады

"Қазақстан темір жолы" ұлттық теміржол компаниясының (ҚТЖ) басқарма басшысы Сауат Мыңбаев спортпен айналысу кезінде жарақат алып емделіп жатыр, деп сенбі күні ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.       

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы С.Мыңбаев спортпен айналысу кезінде жарақат алды. Қазір ол емделіп жатыр ", – деп жазылған баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Бұл ретте баспасөз қызметі "Мыңбаевтың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ" деп сендірді.

58 жастағы Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бастап "ҚТЖ" ҰК " АҚ-ныбасқарады. Әр жылдар ішінде ол ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу