ҚТЖ жылжымалы құрам паркін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Stadler технологиясы бойынша 537 жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасалды. "ALSTOM Transport SA" компаниясымен 245 электровозды жеткізу келісіміне қол қойылды. Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды", – деп хабарлады тасымалдаушы.
Сонымен қатар, жылдан жылға жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымының тозуы артып келеді.
"Бүгінгі таңда инфрақұрылым өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуде, бұл тасымалдардың одан әрі өсуіне теріс әсер етеді. Жыл сайын орта есеппен 450-500 шақырым темір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізіледі", – деп хабарлады теміржол тасымалын жүзеге асыратын компания.