ҚТЖ сұйытылған газды үздіксіз тасымалдап жатқандарын мәлімдеді

351

Қазан айында барлық өңірлерге 140 мың тонна СТГ жеткізіліп, жоспар 100% орындалған.

ҚТЖ сұйытылған газды үздіксіз тасымалдап жатқандарын мәлімдеді Фото: ҚТЖ

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдерін 100% орындауда, көлемдер әкетіліп, бос цистерналардың қорлары тиеуге бірнеше тәулік бұрын әкелінеді. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айында барлық өңірлерге 140 мың тонна СТГ жеткізіліп, жоспар 100% орындалған.

Қараша айында жоспар 160 мың тонна деп жарияланса, 7 күн ішінде 35 мың тонна тиеліп, жоспардың орындалуы 107% құрады.

 Жеткізу мерзіміне жүк жөнелтушілердің өңірлер бойынша газды біркелкі емес, біртіндеп және қарсы тиеуі әсер етеді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің логистиканы қалыпқа келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті, алайда осы уақытқа дейін тиісті шаралар қабылданған жоқ. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп, газды тиеп-жөнелтуге жеткілікті квоталар бөлуді пысықтауы қажет болатын", - делінген хабарламада.

Мәселен, қазан айында АМӨЗ жөнделуіне және квоталарды уақтылы түзетпеуіне байланысты СТГ-ны Шымкент, Астана, Қызылорда және Атырау сияқты өңірлерге жөнелтуге өтінімдер беруде үзілістер болған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді, вагондардың қозғалысы ерекше бақылауда.

Тиелген және бос вагондарды жылжыту үшін жеке диспетчерлер бөлінген, жылжымалы құрамның нормативтік айналымы қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу