ҚТЖ теміржолды отандық рельспен жаңғырта бастады

683

ҚТЖ теміржолды отандық рельспен жаңғырта бастады

Өткен жылдан бері 70 мың тоннадан астам ақтөбелік рельс өнімі жол жөндеуге жұмсалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Ақтөбе рельс арқалық зауытының өнімдері республиканың магистралды желісіне 500 шақырымға жуық жолға төселді.

"ҚТЖ" АҚ магистралды желі дирекциясының менеджері С.Әлиевтің айтуынша, "Ақтөбе рельсі барлық теміржол бойына жеткізілді".

Ақтөбелік рельс өнімдері өткен жылдан бері Алматы-1-Шу екінші теміржол желісі, Құрық порты паром кешенінің кіре берісіне, Астана вокзал кешені құрылысына жұмсалды. Осы нысандардың барлығына өткен жылы 14 мың тонна рельс жеткізілді.

"ҚТЖ" АҚ мен "АРАЗ" ЖШС арасындағы магистралды желіні жаңғыртуға арналған ұзақмерзімді келісімге сәйкес 2022 жылға дейін 600 мың тоннадан астам рельс жеткізу жоспарланып отыр.

АРАЗ өнімдерімен ел ішіндегі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, көршілес елдердің нарығына да экспортқа шығаруға басымдық береді. Биылғы келісім бойынша зауыттың 64 мың тонна рельс өнімі Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Түркіменстан, Ресей, Эстония және Иранға жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу