ҚТЖ теңіз флотын құрып жатыр

78

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін теңіз флотын құруға кірісті.    

ҚТЖ теңіз флотын құрып жатыр Фото: itek.ru

KTZ Express-тің еншілес "KTZ Express Shipping" ЖШС компаниясы Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. компаниясымен және Баку кеме жасау зауытымен 6 әмбебап жүк-контейнер тасымалдау кемесін салу туралы келісімшарттарға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жобаны іске асыру Қазақстанның ТХКБ-дағы ұстанымын нығайтуға және маршруттың тұрақты теңіз құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған.

Келісімге сәйкес, Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. 4 кеме жасаса, Баку кеме жасау зауыты тағы 4 кеме жасайды.

Жоба Каспий және Қара теңіз бағыттарында жұмыс істеуге бейімделген, жүк көтергіштігі 9 900 тоннаға дейін және сыйымдылығы 537 ЖФБ-ға дейінгі "өзен-теңіз" класты кемелерді салуды көздейді. Бұл теңіз сегментінің ТХКБ бірыңғай логистикалық тізбегіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Кемелер халықаралық талаптар мен экологиялық стандарттарға, соның ішінде IMO және MARPOL нормаларына сәйкес заманауи басқару және навигация жүйелерімен жабдықталады. Классификациялық сүйемелдеуді Bureau Veritas қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу