ҚТЖ тепловоз бен автокөлік соқтығысуына қатысты түсінік берді

1056

 ҚТЖ тепловоз бен автокөлік соқтығысуына қатысты түсінік берді

ҚТЖ Өзен-Болашақ теліміндегі 6 адамның өмірін қиған оқиғаға қатысты ақпарат берді.

"25 қарашада 14 сағат 20 минутта Маңғыстау жол бөлімшесінің Өзен-Болашақ теліміндегі жол өткелінде тепловоз "Газел" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол өткеліндегі белгі беру құрылғысы қалыпты жұмыс істеп тұрған. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан тепловоз машинисі жолда тұрып қалған автомобилді көреді. Алайда шұғыл тежегішті басқанымен апаттың алдын алу мүмкін болмады. "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы оқиға салдарын тексеруге кірісті", - дейді "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу