ҚТЖ "Тұлпар-Тальго" вагондарын сатып алудан бас тартты

1139

ҚТЖ 2,5 мың жолаушы вагонын пайдалануда, оның 46%-ы ескі әрі тозған тіркемелер. 

ҚТЖ "Тұлпар-Тальго" вагондарын сатып алудан бас тартты

"Қазақстан темір жолы" бұдан былай "Тұлпар-Тальго" вагондарын сатып алмайтын болды. Бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Сауат Мыңбаевтың сөзінше, өткен 4 жылы 265 жаңа вагон сатып алынған. Алайда бір уақытта 449 ескі вагон есептен шығарылды.

Өз кезегінде, индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында 600 вагон сатып алу қарастырылғанын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның сөзіне қарағанда, бүгінде ҚТЖ 2,5 мың жолаушы вагонын пайдалануда, оның 46%-ы ескі әрі тозған тіркемелер. Олардың техникалық жай-күйі тұрмақ, санитарлық-гигиеналық жағдайы да сын көтермейді.

 "Индустрия министрлігінің мәліметінше, 2020-дан 2025 жылға дейін жыл сайын 100 вагон сатып алу жоспарланып отыр, олардың әрқайсысының құны 418 млн теңгені құрайды, егер желілердің ұлғаюын ескеретін болсақ, вагондарға деген қажеттілік артады және осы қарқынмен біз паркті 10-15 жыл жаңартатын боламыз",– дейді Майра Айсина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу