"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде 120 млн тоннадан астам жүк тиелді

1745

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісіндегі жүкайналымы 107,6 млрд тонна-шақырымды құрады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде 120 млн тоннадан астам жүк тиелді

Жүзеге асқан жүкайналымы бойынша жоспар 102,4% болған, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі .

Қаңтар-маусымдағы тиелім 120 млн тонна болса, соның ішінде тас көмір – 48 млн тонна, астық – 5,4 млн тонна, түрлі түсті руда – 9,7 млн тонна, құрылыс жүктері – 8,8 млн тонна және темір рудасы – 12,8 млн тонна.

ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тонна. Контейнермен жүктерді тасымалдау 291 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) болса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізген нәтижеден жоғары.

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр. Бұл бағдар бойынша 146 мыңнан астам ЖФБ тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 129%-ға асты. Қазақстан аумағы арқылы транзитті контейнерлік тасымал өзге де бағыттар бойынша артты. Атап айтқанда, Транскаспилік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФБ контейнер жеткізілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 158%-ға көп. Қытай – Иран – Қытай дәлізі бойынша 1,6 мың ЖФБ контейнер жөнелтілсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 350%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу