"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде бірінші тоқсанда 60 млн тонна жүк тиелді

839

Қаңтар-наурызда пайдаланылған жүк айналымы 54,7 ммлрд. т-км неттоны құрады және өткен жыл деңгейінен 2,2 % артты.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде бірінші тоқсанда 60 млн тонна жүк тиелді

2020 жылдың наурызында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша жалпы тиелген жүк 21,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 4,8% жоғары болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

9 млн тонна көмір тасымалданса, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,9 % көп. Соның ішінде қатты отын экспорты 6,4 млн тонна. Өсім 4,3 % құрады. Бұл ретте 890 мың тонна астық тиелді.

Наурызда химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 6,8%, түрлі түсті рудалар мен күкірт шикізатын – 13%, құрылыс жүктерін – 17%, темір мен марганц рудаларын 3% өсті.

Пайдаланылған жүкайналымы наурызда 20 млрд. т-км неттоны құрады.

Бірінші тоқсанда жалпы тиелім 60 млн. тоннаға жетті. 26 млн тонна көмір, 2,2 млн тонна астық, 5 млн тонна түрлі түсті руда мен күкірт шикізаты, 3,5 млн тонна құрылыс жүктері, 6 млн тонна темір мен марганц шикізаты тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу