"ҚТЖ" Украинаға Ресей арқылы газ бен көмір жеткізуді тоқтатты

1124

Биылғы 1 маусымнан бастап мұндай тасымалдарды Ресей үкіметінің арнайы рұқсатынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайды. 

"ҚТЖ" Украинаға Ресей арқылы газ бен көмір жеткізуді тоқтатты

"Қазақстан темір жолы" Украинаға сұйытылған мұнай газы мен көмірді жеткізуді уақытша тоқтатты. Оған Ресей үкіметінің шешімі себеп болған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Биылғы 1 маусымнан бастап мұндай тасымалдарды Ресей үкіметінің арнайы рұқсатынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайды. Агенттіктің дерегінше, 24 мамыр күні "ҚТЖ" өз клиенттеріне тыйым салу қазақстандық жеткізушілерге қатысты екенін хабарлайтын хат жолдаған. Нақтырақ айтсақ, тыйым Ресей арқылы Украинаға сұйытылған мұнай газын импорттайтын "Теңізшевройлға" ("Chevron", "ExxonMobil", "Лукойл" және "ҚазМұнайГаз" бірлескен кәсіпорны) қатысты.

Әзірге Ресей темір жолдарының (РТЖ) өкілдері бұл туралы қандай да бір түсініктеме бермей отыр.

Айта кетейік, биылғы жылы қазақстандық компаниялар Украинаға ай сайын 20 мыңнан 25 мың тоннаға дейін сұйытылған газ жеткізіп отырған. Ал былтыр елімізден Украинаға жөнелтілген көмір көлемі 455 мың тоннаны құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу