ҚТЖ вокзал жолдарын заңсыз жалға берген

281

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚТЖ вокзал жолдарын заңсыз жалға берген Фото: Pixabay.com

Прокуратура ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетін анықтап, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеріс барысында "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды.

Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы "Востокмашзавод" АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берген. Бұл заңсыз әрекет жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді төлемей, сытылып кетуге жол берген. 

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы, талап арыздар берді.

Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу