2025 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Экспортқа 11 млн тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы көлемнен 33% көп. Мұндай көрсеткіштер соңғы 10 жылда алғаш рет тіркелді.
Ішкі тасымалдар 26% артып, 3,3 млн тоннадан асты. Тасымалдардың өсуі Орталық Азия елдері бағытында да байқалады – 30%, яғни 6,3 млн тоннаға дейін, оның ішінде: Қырғызстанға – 2 есе; Тәжікстанға – 12%, 1,4 миллион тоннаға дейін; Өзбекстанға – 32%, 4,5 миллион тоннаға дейін.
Әзербайжанға астық тасымалдау 3 есеге, Иранға тиеу – 69%, Ауғанстанға тиеу – 63% ұлғайды. Балтық елдеріне тасымалдау көлемі 6 есеге өсіп, 800 мың тоннадан асты. Қаратеңіз бен Балтық порттарына тасымалдау сәйкесінше 49% және 67% өсті.
"2025-2026 маркетингтік жылы (2025 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін) астық тасымалдау көлемі 6 млн тоннаға (+19%) жетті, оның ішінде экспорт 4,7 млн тоннаны (+18%) құрады. Орталық Азия елдеріне тасымалдау 27%, яғни 2,8 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға – 71%, Балтық елдеріне – 2 есе, Қара теңіз порттарына – 47%, Балтық порттарына – 6 есе өсті. Өзбекстанға астық тасымалдау 41% артып, 2 млн тоннадан асты. 2025 жылғы желтоқсанда теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі 1,6 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 14% жоғары және рекордтық айлық көрсеткіш болып табылады", – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.
Экспорт 16%, яғни 1,3 млн тоннаға дейін ұлғайды, ішкі тасымалдар 300 мың тоннадан асты, бұл өткен жылғы деңгейден 10% артық. Қытай бағытында астық жүктерінің экспорты 30% немесе 1 млн тоннаға өсіп, 4,2 млн тоннадан асты.