ҚТЖ жем-шөпті тасымалдауға арналған жеңілдікті ұзартты

937

Жеңілдік айдың соңына дейін күшінде болады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

ҚТЖ жем-шөпті тасымалдауға арналған жеңілдікті ұзартты

"Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға жем тасымалдау үшін ҚТЖ оңтүстіктен Маңғыстау облысы, Ақтөбе, Атырау облысының аудандарына жем-шөп тасымалдау қажеттігіне өз үлесін қосып жатыр. Шілде айының соңына дейін 167 вагон шөп тиеліп, жөнелтілді (...) Біз үлкен жеңілдік жасадық. Шығындарды жауып, тасымалдап жатырмыз. Өтініштер жалғасуда. Компания басшысы шешім қабылдады - біз бұл шарттарды 31 тамызға дейін ұзарттық. Шілдеде қолданылатын жеңілдіктер бойынша шөпті тағы тасымалдаймыз", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жеңілдік 77% құрайды.

Еске сала кетсек жем-шөптің жетіспеушілігі салдарынан Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында мал қырылған еді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі жем-шөпті сыртқа шығаруға тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу