ҚТЖ жолаушылар вагоны тапшылығын жою үшін тендер жариялайды

1518

Отандық "Тұлпар-Тальго" зауыты экономикадағы қиындықтарға байланысты жабылған. 

ҚТЖ жолаушылар вагоны тапшылығын жою үшін тендер жариялайды

2018 жылы "Тұлпар-Тальго" зауытының жабылуына байланысты, жолаушылар вагоны тапшы бола бастаған. "Қазақстан темір жолы" осы проблеманы шешу үшін тендер жариялайды. Бұл туралы Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізу" туралы заң жобасын таныстыру барысында айтты.

"Біз тендер жариялаймыз. Оның көмегімен осы сұрақты (жолаушы вагондарының тапшылығы - ред.) шешкіміз келеді. Келесі жылдан бастап тендерге Ресей мен Қытай қатысуға ниет білдірді. Қандай вагондар экономикалық тұрғыдан бізге тиімді болатынын қараймыз", – деді Сауат Мыңбаев.

Оның айтуынша "Тұлпар-Тальго" зауыты жабылғанан кейін 300 вагон жетіспейтіні анық болған. Сол кезде шұғыл шара ретінде компания басшылығы Ресейден қосымша вагондар алу туралы шешім қабылдапты.

"Біз қазір 40 вагон сатып алуды шештік, 40 вагонды бізге жеткізіп берді. Тағы 146 вагонды болашақта сатып аламыз",– деді ол.

Оның айтуынша Тальго вагондарын шығаруды тоқтатуға себеп – экономиканың даму қарқыны бәсең болған.

Қазіргі кезде "Жолаушылар тасымалы" вагондар паркінде 2204 вагон бар. Оның тең жартысы ескі.

Айта кетейік, ҚТЖ – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ құрамына кіреді. Компанияның басқаруында теміржол, теңізпорттық, әуежайлық инфрақұрылым, көлік-логистикалық орталықтар бар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу