Қолайсыз ауа райы жағдайларына және бірқатар автомобиль жолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде жедел шаралар қабылдады.
Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушыларды отырғызу көзделген:
- №7502 "Астана – Павлодар" (Ерейментау станциясынан отырғызу);
- №139 "Павлодар – Пресногорьковская" (Ерейментау станциясынан отырғызу);
- №6830 "Көкшетау – Астана" (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
- №7508 "Көкшетау – Астана Нұрлы жол" (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
- №045Ц "Павлодар – Түркістан" (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).
Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шараларды тұрақты түрде қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайларында жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды.
Азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарлардан уақытша бас тартуға шақырамыз.