"ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ-ға 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

941

Төрт жүзден астам жұмысшыға ашық ауада жұмыс істегені үшін жалақыларына қосымша ақы төленбеген.

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ-ға 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Қызылорда көлік прокуратурасымен "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ-ның Қызылорда бөлімшесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығы анықтады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, еңбек заңнамасының және ұжымдық келісім-шарттың талаптарына қарамастан мыңнан астам жұмысшы арнайы киімдермен толықтай қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ төрт жүзден астам жұмысшыға ашық ауада жұмыс істегені үшін жалақыларына қосымша ақы төленбеген (+35С градустан жоғары).     

"Прокуратурамен қабылданған шаралар нәтижесінде жұмысшылардың құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, арнайы киімдер беріліп, төлем ақылар толық мөлшерде аударылды",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ-на қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 97-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 млн теңге айыппұл салынған (400 АЕК)".        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу