"ҚТЖ — Жүк тасымалы" БҚО-да пойыздың рельстен шыққанын жасырып келген

546

Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"ҚТЖ — Жүк тасымалы" БҚО-да пойыздың рельстен шыққанын жасырып келген Фото: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы 2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың (оның ішінде локомотивтің рельстен шығуын) 4 жағдайы жасырылып, қауіпсіздік талаптары тиісті деңгейде тексерілмегенін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Осы факті бойынша прокуратура "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС атына заң нормаларын бұзу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың бетін қайтару, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс жіберді.

"Алайда жағдайды түзетіп, оный қайта қайталануына жол бермеудің орнына "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының міндетін у.а. Көкрекбаев М.К. "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен құтылып кетуге тырысқан.

Атап айтқанда, М. К. Көкрекбаев прокурордың ұсынысы бойынша шаралар қабылдаған жоқ: локомотивтің рельстен шығуы "апат (оқиға)" ретінде бекітілмеген, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (теміржолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және "оқиға" ретінде жіктелмеген", - деп хабарлады Батыс Қазақстан көлік прокуратурасында.

Ведомство мұндай бейберекеттік көлік прокурорының "Прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбау" бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болғанын атап өтті.

Нәтижесінде сот М.К. Көкрекбаевты жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу