ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел іс-шаралар аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған "Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі" ЖШС "ҚТЖ –Жүк тасымалы" филиалының бастығын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу