"ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының бұрынғы 3 басшысы ұсталды

1203

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің бұрынғы 3 басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының бұрынғы 3 басшысы ұсталды Фото: Владимир Петров, Қайрат Қабылов, Азамат Сембай / ЖИ-мен өңделген

Ведомствоның мәліметінше, биыл 9-10 қарашада серіктестіктің бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және атқарушы директор – сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталған.

"Олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бар. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген ҰҚК жауабында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу