Қу дүние үшін 8 млн теңгеге алданып қалды

800

Қарағанды тұрғандары жиһаз жасатамыз деп алданып қалды.  

Қу дүние үшін 8 млн теңгеге алданып қалды Фото: Otyrar.kz

Жарты жылдан бері тапсырыстарын ала алмай, полцияға шағым түсірген. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері істі сағызша созып,  сотқа жібермей отырған көрінеді. 

Гүлназира Шәкірова жаңа баспанасына жиһаз жасату үшін, интернет желісінен "Полимер Компани" ЖШС-ін тауып алған. Жарнамасы өтімді, әрі арзан бағада, тіпті бөліп төлеу де қарастырылған. Ойланбастан былтыр шілде айында үлкен шкафқа тапсырыс берген. 

Жиһаздың құнын санап, тапсырыс алған Мақсат Салықов есімді адам Гүлназирадан 1 млн теңгені алып ұшты-күйлі жоғалған. Ұялы телефонына хабарласқандарға құрғақ шөппен ауыз сүртіп, түрлі сылтау айтудан жалықпапты.

"Бір жылға бөліп төлеуге алдым. Оған да қазір 84 мың төлеп отырмын. Полиция ісімізді әрі қарай қорғамаймыз, бас тартамыз дейді", деді қала тұрғыны Гүлназира Шәкірова.

Гүлназира сынды алдаңғандар саны 15 адам. Олар бірігіп,  полцияға ұжымдық арыз тастаған. Алайда, екі айдан аса уақыт өтсе де, тергеу амалдары бітер  емес. Сондықтан, зардап шеккендер мұның арты істің жабылуымен тынады ма деп алаңдайды. 

Ал, облыстық полиция департаменті өкілдері болса, алаяқтық бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, іс барысын анықтау мақсатында прокуратурадан қосымша уақыт сұралған. 

"Аталған дерек бойынша қылмыстық істің 190-шы бабы, яғни алаяқтық бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жиһаз салонынан жәбір көрген 9 адамнан арыз түсті. Оларға келтіріліген шығын 8 млн-нан астам. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр", дейді Облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Алданғандардың арасында 1 млн теңгеге 4 адам тапсырыс берген. Әр қайсысының қолында келісім шартты  бар. Бірақ, Мақсат Салықов компанияны анасының атына жазып қойған. Сондықтан, шағымданушылар шимай шатпағы көп істі облыстық ПД басшысы Файзуллин мырза өз бақылауына алса дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу