Куәгер Шерзатты ұрған адамның қандай түсті киімде болғанын айтып берді

Бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың түске дейінгі 1-бөлімінде куәгерлердің бірі Наргиза Незамединовадан жауап алынды. 

Куәгер Шерзатты ұрған адамның қандай түсті киімде болғанын айтып берді Фото: бейнежазбадан

Ол дәл оқиға болған уақытта ұйықтап жатқанын, қатты дауыстан оянғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгердің сөзінше, ол оқиғаны толық көрмеген. Бірақ, Шерзатты ұрып жатқан адамның қандай киімде екенін көрген. "Оқиға орнында доғал затты байқадым, бірақ Шерзатты жұдырықпен ұрып жатты" деді ол.

– Мен ұйықтап жатқанмын, қатты айқайдан соң ояндым. Оқиғаның дәл уақытын айта алмаймын, себебі сағатқа қарамадым. Шерзаттың анасы "балам, балам" деп жатты. Әуелі Шерзат, одан соң ағасы жүгіріп кетті. Сол кезде дүкен жақтағы біреу "ат, ат" деді. Ол қара түсті киімде болды. Одан кейін анасы, сосын жігіттер жүгіріп кетті. Одан соң анасы айқайлап, баласын қорғаштай бастады. Мен қызыл кепка киген, арық дене бітімді адамның Шерзатты жұдырықпен ұрып жатқанын көрдім, – деді ол.

Мемлекеттік айыптаушының "Оқиға орында Шерзат Полаттың анасынан басқа қызды көрдіңіз бе?" деген сұрағына да жауап берді. Оның сөзінше, сары шашты бір қыз жігітпен дүкенге қарай кетіп бара жатқан.

Осыған дейін Шерзат сотындағы куәгер жерде жатқан екі адамды, қан мен гильзаны көргенін мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу