"Қуандық Бишімбаев айғайлап жатыр": Салтанат Нүкенова қайтыс болған түннің бейнежазбасы

2536

Бүгінгі сот тыңдалымында Бақытжан Байжан мен жедел жәрдем қызметкері сөйлескен аудио тыңдалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қуандық Бишімбаев айғайлап жатыр": Салтанат Нүкенова қайтыс болған түннің бейнежазбасы Фото: видеодан алынған кадр

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот тыңдалымында Бақытжан Байжан мен жедел жәрдем қызметкері сөйлескен аудио тыңдалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел жәрдем қызметкері марқұмның өліп кетпеуі үшін кеудесін басып, тоқтамай жаттығу жасауды тапсырады. Қызметкер санап тұрғанда Қуандық Бишімбаеав Салтанат Нүкенованың кеудесіне жаттығу жасап жатады.

Сол сәтте Қуандық Бишімбаевтың "Салта, Салта, Салта" деп шыңғырып, айқайлағанын естуге болады.

Аудиожазбада мынадай диалог болады:

Жедел жәрдем дәрігері: Саусақтарыңызды трахея бойымен мойынға қойыңыз. Тынысы бар ма?

Байжанов:
Жоқ. Сезбей тұрмын.

Жедел жәрдем дәрігері: Жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізіңіз. Жатқан адамның жанынан кетпеңіз. Қолыңызды кеудеге тік қойыңыз, шынтағыңызды бүкпеңіз, 5 сантиметр тереңдікте 30 рет басыңыз. 30 рет санап, жүрек соғысын тексеріңіз.

Байжанов: Тынысы білінбейді. 

Осыдан кейін жедел жердем қызметкерлері келіп, Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын растайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу