Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

799

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.  

Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оған қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу