Елде резонанс тудырған оқиға – әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы Судья Айжан Құлбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі сот отырысы соңында судья айыпталушының позициясын нақтылау мақсатында сұрақ қойды.
Бишімбаев әйеліне жасалған соққылар оның өліміне әкелгенін мойындап, алайды “аса қатігездікпен адам өлтіру” және “азаптау” баптары бойынша кінәсін мойындамайтынын айтты.
Судья сот тергеуінің аяқталғанын айтып, сот талқысы үшін 29 сәуірге дейін уақыт берілетінін хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу