Қуандық Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

2842

Сот себебін түсіндірді.

Қуандық Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты Фото: inbusiness.kz

Экс-Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын толық өтемеу себебі айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент қалалық соттарының Facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Қ. Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан және (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі-189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 58-бабы 3-бөлігі бойынша), мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қ.Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және жазасын өтеу сол кезден бастап есептелді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы жарлығымен Қ. Бишімбаевқа кешірім берілді, оған тағайындалған жаза мерзімі 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.

Содан соң Қ. Бишімбаев сотқа 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жаза мерзіміне жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолдады.

Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заңның талаптарын толық қанағаттандырды. Ол 2/3 мерзім қызмет етті, мекеме әкімшілігі оң сипаттама берді, тәртіп бұзған жоқ. Сондай-ақ, 1,5 млн теңгеден астам көлемде іс жүргізу шығындарын өтеді. 

Сондықтан Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Қ.Бишімбаевтың өтініші қанағаттандырылды.

Қ. Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу