"Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қылқындырған..."

1476

Салтанаттың бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан.

"Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қылқындырған..." Фото: видеодан алынған кадр

Экc-министр Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттардан, қалай қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сараптама қызметкері жарақаттарды манекенге бейнелеп тұрып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанаттың бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан. Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған.

"Барлық аймақ боялған. Мұның бәрі бірге бас жарақаты болып табылады. Оған бет пен бас сүйегі кіреді. Көк - көгеру, қызыл – жырылған жерлер. Сарапшының қорытындысында бас миының жарақатын (зақымдануын) көрсететін сот - медициналық диагнозы қойылды. Бұл жарақаттар мидың зақымдалуына әкеледі. Мұның бәрі бірге ауыр зиян келтіру ретінде жіктеледі және өлімге әкеп соғатын тікелей себеп болып табылады. Яғни, өлімнің себебі – жарақаттың болғанына, оларды бөлек қарастыруға болмайды", - деді сарапшы.  

Сарапшы осы салада 1991 жылдан бері қызмет атқаратынын да атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу