Сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, экс-шенеунік түрме әкімшілігі оған көтермелеу бермейтінін айтқан.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Бұл сотталушының бір рет тәртіп бұзғанын ескерсек, оған көтермелеу қолданылмайды", – делінген хабарламада.
Қуандық Бишімбаевтың арызы қанағаттандырылмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу