Қуандық Бишімбаев сотта марқұм Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

1167

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 

Қуандық Бишімбаев сотта марқұм Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады Фото: Jogargy_sot

Бишімбаев сот отырысында берген жауабында С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіздердің сезімдеріңізді түсінемін. Сіздер мені жек көрсеңіздер де, қарғасаңыздар да болады. Бірақ тағы да айтайын, бір Құдайдың алдында да жауап беруге дайынмын. Сіздердің алдарыңызда да, бәрінің алдында да. Қасақана осындай іс жасайын деген ой болған жоқ. Салтанатты сүйдім. Алайда оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Біздің ұрыс-керісіміз, сол кештегі менің әрекеттерім болмаса, ештеңе болмас па еді?! Осыған назар аударсаңыздар екен. Мені 5 ай бойы айуан деді, көзін ойып алды деді. Бәрі шындыққа жанаспайды", - деп бастады ол.

Сондай-ақ, ол бұл қазаның зардабын жан-дүниесімен сезінетінін айтты.

"Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен дәметпеймін. Бірақ бұл - менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл жоғалтудың салмағын бағамдаймын және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші айтқым келетіні осы", - деді Қуандық Бишімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу