Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

943

Ол кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды Фото: inbusiness.kz

Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу