Қуандық Бишімбаевқа шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

845

Қуандық Бишімбаевқа шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша аппеляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аппеляциялық соттың шешімі бойынша Қуандық Бишімбаевқа 14 наурызда шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 мамырда Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы басталған болатын. Ал, 14 наурыз күні Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға үкім шыққан еді. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Бишімбаевті 2017 жылдың 10 қаңтарында ұстады. Бишімбаев Қызылорда қаласындағы әйнек зауытын салу барысында "Orda Glass" ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деп айыпталды. 

"Бишімбаевқа рақымшылық неліктен қолданылмады? Себебі, рақымшылық туралы заңға сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыс қатар тіркелген болса рақымшылық қолданылмайды", - деді шешімді оқыған судья Алма Есімова.

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков Қуандық Бишімбаев жазасын Астанадағы қауіпсіздігі жоғары бірден-бір мекеме - 166/10 түзеу колониясында өтейтінін мәлім етті. Оның айтуынша, сотталған бұрынғы министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу