Қуандық Бишімбаевты Кәрім Мәсімовпен не байланыстырады?

9454

Кеше кешкі оқыс оқиға әлі жұрттың аузынан түсер емес.

Қуандық Бишімбаевты Кәрім Мәсімовпен не байланыстырады? Фото: canva.com

Сөйтсек, Қуандық Бишімбаевтың бұған дейін де бүлдіргені біршама екен.

Ол әуелі мансап жолын тәп-тәуір түзіп келе жатқан. Елдегі жоғары оқу орындарын үздік тәмәмдаған Қуандық "Болашақ" бағдарламасымен Вашингтонда оқып келіпті. Тіпті, Экономика ғылымдарының кандидаты көрінеді. Мансабын қарапайым менеджер болып бастаған Бишімбаев Президент көмекшісіне дейін көтерілген.

Айталық, 2005-2006 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2008-2010 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2011-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары.

2013-2016 жылдары – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Басқарма төрағасы.

2016 жылдың мамыр айында сол кезде Үкіметті басқарған Кәрім Мәсімовтің ұсынысымен Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалған.

Кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, Қуандық Бишімбаев Мәжілістің 2012-2016 жылдар аралығындағы V шақырылым депутаты Уәлихан Бишімбаевтың ұлы екен.

Сонымен Қуандық 2017 жылдың қаңтарында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталып, 2018 жылы 14 наурызда Қызылорда қаласында салынуы тиіс шыны зауытына бөлінген 1,2 миллиард теңгені жымқырды және 346 миллион теңге пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған.

2019 жылы 13 ақпанда сотталушы Президент жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқартылған. 2019 жылы 11 қазанда мерзімінен бұрын босап шығып, жазасы жеңілге ауыстырылған.

Ал күні кеше қырсық шыр айналдырған Қуандық Бишімбаев тағы бір қылмысқа барып отыр. Ол өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу