Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы халықтан кешірім сұрады

17752

Ресейлік блогер-коуч Наталья Грейс Астанадағы сот ісіне арнайы келіп, Қуандық Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алды. 

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы халықтан кешірім сұрады Фото: inbusiness.kz

Блогердің YouTube арнасында жарияланған сұхбатта экс-министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев халықтан кешірім сұрады, деп жазады Inbusiness.kz.

Бишімбаев ісі өз арамызда ғана емес, бүкіл әлемде талқыланып жатқан атышулы іске айналды. Әсіре ресейлік журналистердің қызығушылығы ерекше.

Алдыңғы апта журналист Ксения Собчак, блогер-коуч Наталья Грейс арнайы Астанаға келіп, сот отырысына қатысты. Соңғысы Қуандық Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алған. Қазақстандық бірнеше университеттің ректоры болған Уәлихан Бишімбаев баласына қатысты алғаш өз ойын білдіріп, халықтан кешірім сұрады. 

"Мен күллі қоғамнан кешірім сұраймын. Рақымшыл болуларыңызды өтінемін. Әділетті үкімнің шығуын тілеймін. Соттың әділетті өтетініне сенімдімін. Күнде құдайдан сұрайтыным — рақымшылық. Баламның кінәсін кешіре көруін сұраймын", — деді Бишімбаев әкесі.

Уәлихан Бишімбаев өз баласының кінәлі екенін, соған сай жазасын алу керектігін алға тартып, тек әділетті сот шешіміне сенім артатынын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу