Қуандық Бишімбаевтың баланы қағып кету дерегі расталмады

435

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты. 

Қуандық Бишімбаевтың баланы қағып кету дерегі расталмады Фото: primeminister.kz

Қазіргі уақытта істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені туралы дерек нақтыланбады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Ақпарат расталған жоқ. Біз өмірі қиылған әйелдің туыстарымен (Салтанат Нүкенованың), сондай-ақ оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан болғанын тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған, яғни дерек расталған жоқ. Атап айтқанда, біз әлі де тексереміз", - деді И. Лепеха.

Бұған дейін қайтыс болған С. Нүкенованың анасы күдікті Қуандық Бишімбаев бұрын баланы қағып кетіп, жауапкершіліктен жалтарғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу