Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

1132

Экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді Фото: ratel.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының сайтындағы Сот кабинетінде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, істің басталуы бүгін, яғни 2024 жылдың 26 ақпанына белгіленген. Ол Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Айыпталушылар тізімінде Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов тұр. Іс материалдарымен танысуға тырысқанда "бұл іс жариялау үшін жабық" деген жазба шығады.

Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу