Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан сәті

16800

Бұрынғы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында қылмыс болған сәттен видео жариялады.  

Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан сәті Фото: Бейнежазбадан

Айтбек Амангелді мұны Қуандық Бишімбаев "әйелін өлтіргенін мойындамады, оны сүйген" деген адвокатының мәлімдемесіне орай амалсыздан бөліскенін айтты.

Бейнебақылау камерасынан алынған таспада экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады.

"Адвокаттар оны ұрмады деп отыр. Бірақ, бізде әртүрлі бұрыштардан, дененің әр жеріне қайта-қайта соққы жасаған және тепкілеген сәті түсірілген видео бар. Медициналық сараптама қорытындысы (бейнедегі скриншоттар) бар, онда сарапшылар тек басынан кем дегенде 13 соққы алған деген қорытынды жасаған", - деп жазды Айтбек Амангелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу