"Қуандық істеген ісіне сай жазаға лайық": Сотта Бишімбаевтың анасына сөз берілді

1108

Бишімбаев ісі бойынша жарыссөз жалғасып жатыр.

"Қуандық істеген ісіне сай жазаға лайық": Сотта Бишімбаевтың анасына сөз берілді Фото: видеодан алынған кадр

Сөз кезегі айыпталуышының анасы Альмира Нұрлыбековаға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз отбасымыздың атынан Салтанаттың туыстарынан кешірім сұраймыз. Алла Тағала біздің отбасымыз бен Салтанат отбасына үлкен сынақтар дайындады. Бұл төзгісіз ауыр жағдай. Алқабилер және судья, менің ұлым сіздердің шешімдеріңізді қабылдайды. Ол біздің отбасымыз үшін трагедияға айналған әрекетті жасады. Қуандық өзінің істеген ісіне сәйкес жазаға лайық", - деді Альмира Нұрлыбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу