"Құдағиым екен деп Қуандыққа жаздым": Бишімбаев сотына тағы бір куәгер шақырылды

6175

Бұған дейін Бишімбаевтың телефонына куәгер Насырбековадан “сен раушан иісі аңқисың" деген хат келгені белгілі болды. 

"Құдағиым екен деп Қуандыққа жаздым": Бишімбаев сотына тағы бір куәгер шақырылды Фото: видеодан алынған кадр

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталуышы Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысына Нүкенованың қайтыс болған күні, яғни 9-ы қарашада BAU мейрамханасында Бишімбаевта бір әйелмен кездесу өткені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға күні кездескен әйел Гүлнар Насырбекова куәгер ретінде шақырылды. Ол Қуандық Бишімбаевпен гольф клубта танысқанын айтты.

Сонымен қатар, бұған дейін Бишімбаевтың телефонына куәгер Насырбековадан “сен раушан иісі аңқисың" деген хат келгені белгілі болды. 

Гүлнар Насырбекова бұл хатты Қуандыққа шатастырып жібергенін айтып, ақталды.

"Менің телефонымда ол "Қуандық" деп сақталған. Ал, менің Алена деген құдағиым телефонымда "Құдағи" деп жазулы болған. Сол күні құдағиымның туған күні еді. Мен BAU мейрамханасынан кездесуден шыққаннан кейін торт пен гүл алуға барғанмын. Алған бенто тортым мен гүлді фотоға түсіріп, құдағиыма жібергенмін. Шатасып кеткен болармын. Бүгін ғана соны көргенде таңғалдым. Мен Қуандық емес, Құдағи деген нөмірге жібердім деп ойладым", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу