Қуаңшылыққа тап болған Иран қолдан жасанды жаңбыр жаудыруға кірісті

86

Бұл туралы CNN телеарнасы IRNA агенттігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.    

Қуаңшылыққа тап болған Иран қолдан жасанды жаңбыр жаудыруға кірісті Фото: cnn.com

Иран билігі кейінгі жарты ғасырда ең ірі қуаңшылықты жеңу үшін жасанды жаңбыр жаудыру әдісіне көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иран метеорология ұйымы бүкіл ел аумағында жаңбыр шамамен 89%-ға азайғанын хабарлап отыр.

IRNA мәліметінше, қолдан жаңбыр жауғызу операциясы ұшақтардың көмегімен жүргізілді. Олар елдің солтүстік-батысында орналасқан Урмия көлі аумағына жасанды жаңбыр жауғызуға тырысты. Иранда мұндай әдіс баяғыдан қолданылады. Жаңбыр жауғызу үшін бұлттарға химиялық зат шашылады. Соның көмегімен ылғал жаңбыр түрінде жерге жауады.

Иран республикасы 5 жыл бойы қуаңшылық зардабын тартып келеді. Соған байланысты елдегі ірі көлдер мен өзендер тартылып жатыр. Тұрғындар суды мейлінше үнемдеуге тырысады. Жаһандық жылыну жағдайды одан бетер қиындатып жіберді.

Ел астанасы Тегеранда да жағдай мәз емес. Билік өкілдері өткен аптада қалада 14 күнге жететін су қоры қалғанын хабарлаған болатын. Президент жағдай тіптен ушықса, тұрғындарды басқа жерге көшіруге мәжбүр екенін де айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу