Қуаңшылықтан зардап шеккен маңғыстаулық шаруаларға ақшалай көмек беріледі – облыс әкімі

1071

Арнайы комиссия тиісті жұмысты жүргізіп, қаражатты шаруаларға бөліп береді.

Қуаңшылықтан зардап шеккен маңғыстаулық шаруаларға ақшалай көмек беріледі – облыс әкімі

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмектесу үшін Үкіметтен 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірдегі қуаңшылық мәселесі мемлекеттің қолдауынсыз толық шешілмейді. 

"Себебі, өңіріміздің табиғи ерекшелігі бар және орталықтан сәл шалғай жатырмыз... Сондықтан Үкіметтің резервтік қорынан осыған дейін 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл – әрбір шаруа қожалығына аналық мал басына байланысты берілетін қаражат. Оны бөліп беру үшін әрбір ауданда, ауылда арнайы комиссия құрдық", - деді Серікбай Трұмов.

Облыс әкісі комиссия әрбір шаруа қожалығы мен әрбір үйдегі мал басын санап жатқанын, актіге сәйкес тиісті қаражат әрбір тұрғынға берілетінін атап өтті. Бүгінде бұл жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Серікбай Трұмов кеше облысқа Үкімет басшысы Асқар Мамин келгенін айтты.

"Елдегі және ауыл шаруашылығының жағдайына байланысты жиын өтті. Үкіметтен алдағы қыста жемшөп қорын жасақтау үшін көмек сұрадық. Қыс маусымына жемшөп дайындау үшін тиісті қаражат бөлінетін болды. Бұл ақшаға Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан шөп тасып, жем алуымыз керек", - деді облыс басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу