Қуантыров зейнетақы активтерін "Бәйтерек" облигацияларына инвестициялауға қатысты пікір білдірді

396

Күні кеше Ұлттық Банк 173 млрд теңге зейнетақы активіне "Бәйтерек" холдингі облигацияларын сатып алатыны жөнінде ақпарат шықты. 

Қуантыров зейнетақы активтерін "Бәйтерек" облигацияларына инвестициялауға қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қаражаттың көп бөлігі "Бәйтерекпен" сатып алынды. Бұл – БЗЖҚ "Бәйтеректің" облигацияларын сатып алып отырған бірінші жағдай емес. БЗЖҚ-дағы зейнетақы ақшасы әрдайым айналымда жүруі тиіс. Олар сенімді қаржы құралына салынуы керек. Оның қатарында бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар квазимемлекеттік бірлестіктердің облигацияларын да атап өткен жөн. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда қаражат жолаушылар мен жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады. Олар өте қажет", – деп жауап берді министр.

Оның айтуынша, елімізде вагондардың тозу көрсеткіші 50-70 пайызға жеткен.

Сондай-ақ, Әлібек Қуантыров ақша ел экономикасында қалатынын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу