Шымкент әкімдігінің мәліметінше, тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі Саясаттану ғылымдарының магистрі.
- 1995-2002 жылдары – Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
- 2002-2006 жылдары – Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
- 2006-2010 жылдары – ҚР Президентінің Іс Басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.
- 2011-2013 жылдары – ҚР Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.
- 2013-2014 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
- 2014-2017 жылдары –ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.
- 2017-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.
- 2018-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.
- 2019-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.
"Құрмет" орденінің кавалері, "Ерен еңбегі үшін", ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "ҚР ҰҚК 25 жыл" мемлекеттік медальдарімен марапатталған.